Халықтық IPO бағдарламасы туралы

IPO (англ. Initial Public Offering) – тұлғалардың кең ауқымына сатылатын бағалы қағаздар нарығындағы компания акцияларын алғашқы жалпыға жариялау.

Халықтық IPO бағдарламасы Қазақстан халқы еліміздегі жетекші компаниялардың дамуына қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіледі.

Қазақстандықтарға ірі, тұрақты және болашағы зор мемлекеттік компаниялардың акциялары ұсынылады. Олардың акционерлері бола отырып, яғни меншік иесінің құрамына кіріп, азаматтар олардың пайдасынан өз үлесін тікелей ала алады.

Халықтық IPO маңызды мақсаттары:

- Қазақстан азаматтарының инвестициялық мәдениетін арттыру, еліміздің қаржы секторын дамыту

- ірі қазақстандық компаниялармен капиталды дамыту

- Бағдарламаға қатысушы-компаниялардың шынайылығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Ұзақ мерзімді келешекте Бағдарлама Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретінде Қазақстанның дамуына көмектеседі.

Бағдарламаның қосымша әсері Қазақстанның ірі компанияларының шынайылығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Ірі ұлттық компаниялардың акцияларына инвестициялау өте тартымды, себебі,

      Акцияның құны өскен жағдайда, кіріс,

      Дивидендтер алуға (компания пайдасындағы үлес)мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл инвестициялаудың және инвестицияларды диверсификациялаудың  қосымша тәсілі және қазақстандықтар үшін бағалы қағаздар туралы өзінің білімін арттыру және инвестициялау бойынша тәжірибе алу мүмкіндігі.

Бағдарламаны іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар жүргізіледі:

      Компанияларда корпоративтік басқарудың заманауи қағидаларын ендіру жүреді, Халықтық ІРО қатысушы-мемлекеттік компаниялардың қызметін қоғамдық бақылауын күшейтеді,

      Халықтық ІРО қатысатын Республика азаматтарының нормативтік-құқықтық қолдауын қамтамасыз ету заңнамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, биржалық және нарықтық инфрақұрылымды дайындау (брокерлер, трансфер-агенттер) жүргізіледі.

 

image001_original.jpg