«КазТрансОйл АҚ акцияларын орналастыру

 «КазТрансОйл» АҚ  акцияларды орнықтыру параметрлері

KTO

Орналастырылатын акциялардың саны:  38 463 559 жәй акциялар (капиталдың 10% минус бір акция)

  • Жәй акцияның бағасы -  725 теңге
  • Өтінімдер кітабын ашу –  2012 жылғы 6 қараша
  • Өтінімдер кітабын жабу – 2012 жылғы 5 желтоқсанға дейін
  • Есеп-айырысуды жүргізу –  2012 жылғы 14 желтоқсанға дейін
  • Өтінімдерді қанағаттандыру тәртібі:

Акцияларды орналастыру кезінде өтінімдер келесі кезектілікпен қанағаттандырылады:  1) 67 млн. теңгеден 157 млн.теңгеге дейін маркет-мейкер өтінімі,  2) 7 млн. теңге шегінде жеке тұлғалар, 3) толық көлемде жинақтаушы зейнетақы қорының өтінімдері немесе егер олардың сұраныстары жеке тұлғалармен талап етілмеген көлемнен артық болса, онда олардың өтінімдеріне пропорционал түрде қаралады; 4) зейнетақы қорының өтінімдерін қанағаттандырғаннан кейін қалдық 7 млн. теңгеден артық мөлшерде қаралса, инвесторлар өтінімдерінің бір бөлігі.

Компания туралы

КазТрансОйл  еліміздегі магистральды құбыржолдарының ең ірі жүйесі бар мұнай тасымалдау нарығындағы монополист болып табылады. 2011 ж. қорытындысы бойынша КТО мұнайды тасымалдаудың біріктірілген көлемі еліміздегі өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 67% құрайды.

КазТрансОйл акцияларына инвестициялау компанияның тұрақты ақшалай ағымдарын, төмен операция тәуекелдерін назарға алып, тәуекел төмен болғанда тартымды кіріс алу мүмкіндігін және Қазақстаннан мұнайды экспортқа шығаруды арттыруға қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Компанияның құнын анықтайтын негізгі факторлар

  • Тарифтік реттеу
  • Корпоративтік басқару және дивиденд саясаты
  • Капиталды инвестициялар бағдарламасы

Тарифтік реттеу

 Graph1_original_kz_original.jpg

Мұнайдың тасымалдау нарығындағы монополист ретінде КТО тарифтері АРЕМ реттеледі. Тарифтерді анықтаған кезде АРЕМ шығындарды қызметтердің жарияланған көлеміне, салықтарға және компанияның іске қосылған активтер базасында кірістіліктің белгілі нормасына жатқызады. Бұл нарықтық тәуекелдерді төмендетеді, бірақ реттеу сипатындағы маңызды тәуекелдерді туындатады, әлеуетті пайданы және капиталға кірістілікті шектейді.

Негізгі тәуекел, реттеу мәселесіне әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, соның ішінде энергия тасымалдағыштардың бағасын бақылау кіретіндігімен байланысты. Бұл барлық реттеуші компаниялардың капиталға түсетін кірістің жүйелі төмендеуіне алып келеді. КТО үшін осы тәуекел түрі, ішкі сатылымдар жалпы сатылым көлемінің ширек бөлігін құрайтындығымен ішінара реттеледі.   

Халықтық  IPO аясында компания  АРЕМ тарифтерді 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап арттыру туралы өтініммен жүгінді. АРЕМ тарифті арттыруды мақұлдап, алдын ала ақпаратқа сәйкес экспорттау тарифін 42% және ішкі тарифті 50% арттырды. Жаңа тарифтермен 2013 жылы акционерлік капиталға кірістіліктің ағымдағы  7%-дан 13,2%-ға өсетіндігін болжап отырмыз.

Дегенмен, акциялар құны жаңа тарифтерге ғана емес, сонымен қатар тарифтердің болашақта белгіленуіне де байланысты.

Компанияның дивиденд саясаты

 Graph2_original_kz_original.jpg

КТО мол дивидендтер төлеуге қабілетті:

    1. Тұрақты және болжамды ақша ағымдары
    1. Борыштың болмауы және ақша қаражаттарының қоры

2012 жылғы шілдеде компания дивиденд саясатын қабылдады, оған сәйкес КТО дивидендтерді төлеуге таза кірістің 40% кем емес мөлшерін жұмсауға қабілетті. Компания 40% төмен емес, бірақ таза кірістің 10% кем емес мөлшерде дивидендтер төлеуге құқылы. Сонымен қатар, компанияның инвестициялау бойынша сұранысына байланысты дивидендтер төленбеуі мүмкін. Дивидендтер төлеу коэффициенті 2007-2011 жылдары  22 бастап 99% дейін құрады

Дивидендке кепілдік негізгі акционермен берілмейтіндігін ұмытпаған дұрыс, және ол компанияның пайдасына және компанияның шешіміне байланысты. Миноритарлы акционерлердің мүдделерін қорғау үшін компания басшылығымен корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибесін сақтауы және басшылыққа алуы өте маңызды болып табылады.

Кез келген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және басқару сапасына және дивиденд саясатына қатысты мәселелерді талқылауға ұсынуға құқылы. Халықтық IPO негізгі мақсаттарының бірі мемлекеттік компаниялардың тиімділігін, шынайылығын және есеп беруін арттыру болып табылады.

Капиталдық инвестициялар

Graph3_original_kz_original.jpg

КТО магистральды құбыр жолдарынің жүйесі кеңінен дамыған, олардың күтіміне қажетті капиталдық шығындар көп емес және болжамды.

КТО негізгі құралдарға жұмсалатын жыл сайынғы инвестициялары соңғы үш жылда орташа есеппен 29,6 млрд теңгені немесе түсімнің 23,6% құрады немесе аз ғана амортизация деңгейінде болды.

 

Өсу жобалары:

1) Атасу-Алашаңқау құбыржолдарының өткізу қабілеттілігін жылына 12 млн.т бастап 20 млн.т дейін арттыру – 123,7 млрд теңге (44,2 млрд теңге),

2) Қаражанбас-Ақтау мұнай құбыржолдарының өткізу қабілетін 16 млн.т дейін, Ақтау-Жетібай - 10 млн.т дейін және Жетібай-Өзен - 13 млн.т. дейін кеңейту – 31 млрд теңге,

Ескене-Құрық құбыржолдарының құрылысы – 387,3 млрд теңге (197,5 млрд теңге).

Halyk Finance тарифтерге байланысты дивидендтер төлеу болжамы

Graph4_original_kz_original.jpg

КТО капиталының құнын 11,2% деңгейінде бағалаймыз. Біздің бағалау бойынша орташа мерзімді деңгейде КТО акцияларының бағасын қалыптастыратын негізгі инвесторлар отандық зейнетақы қорлары болуы мүмкін. Зейнетақы қорлары үшін капиталға түсетін тұрақты жүктемені ескеріп, баламалы инвестициялардың кірістілігі, біздің пікір бойынша, бөлшек инвесторлармен күтілетін кірістіліктен өте төмен болады. Осы болжамдар бойынша КТО акцияларының әділ құнын бір акция үшін  730 теңге деп белгіледік және оларды сатып алуды ұсынамыз.

 

 Graph5_original_kz_original.jpg

Біз, 12,5% жоғары кіріс алуды болжайтын инвесторлар үшін құралдың аталмыш түрін сатып алмауға ұсыныс береміз.