Брокерлік шотты қалай толықтыруға болады

Сіз Брокерлік шотты келесі түрде толтыра аласыз:

  1. Кез келген банктегі ағымдағы/карточкалық шотыңыздағы ақша қаражаттарыңызды Halyk Finance брокерлік шотқа аудару арқылы;
  2. MyHalyk жеке тұлғалар үшін Интернет-банкинг жүйесінің көмегімен аудару арқылы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ төлем карточкаларын ұстаушылар үшін);
  3.  Halyk TradePro сауда тұғырындағы (тұғырды пайдаланушылар үшін) немесе Halyk Finance сайтындағы HalykPay жүйесінің және Halyk Finance офисінде POS-терминалдың көмегімен кез келген банкпен шығарылған өз карточкаңызбен ақша қаражаттарын аудару арқылы.

Төлем карточкасымен брокерлік шотты толықтыру тарифтерімен осында таныса аласыз.

HalykPay жүйесі арқылы шотты толықтырғанда ақшаны аудару үшін комиссия аударым сомасынан шегерілетіндігін ескеру қажет, сондықтан, оны аударым сомасына қосу керек.

Банктік/карточкалық шоттан ақшаны аударған кезде брокерлік шоттың келесі деректемелерін пайдаланыңыз (банк менеджеріне ұсынылады):

Бенефициар/Алушы:  «Halyk Finance» АҚ

ЖСК: KZ73 7660 0002 8116 1901

Бенефициар банк:  «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ

БСК: CEDUKZKA

СТН: 600 400 539 107

КБе:15

ТТК: 610

Төлемнің тағайындалуы: №______________ брокерлік шотын толықтыру (алушының аты-жөні, СТН).

Брокерлік шотты толықтыру үшін соманы қалай есептеу қажет:

Инвестиция сомасына (акция сатып алынатын сома) сатып алу мәмілесі бойынша брокердің сомасын қосу қажет (және HalykPay жүйесі немесе POS-терминал арқылы шотты толықтырған жағдайда аударым үшін комиссия сомасын).