Халықтық IPO дегеніміз не және оның мақсаттары қандай

IPO (англ. Initial Public Offering) – тұлғалардың кең ортасына сатылатын бағалы қағаздар нарығында компания акцияларын біріншілік жалпы орналастыру

Бағдарламаның негізгі мақсаттары

  • Қазақстан азаматтарының инвестициялық мәдениетін арттыру, еліміздің қаржы секторын дамыту
  • Ірі қазақстандық компаниялармен капиталды тарту
  • Бағдарламаға қатысушы компаниялардың шынайылығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Халықтық IPO қалай қатысуға болады
  • брокерді таңдау және брокерлік шот ашу,
  • акцияларды сатып алу және сату процедураларымен және брокердің жұмыс ерекшеліктерімен танысу,
  • орналастыру параметрлері туралы ақпаратты қадағалау және өзіңіздің брокерге акцияларды сатып алуға өтінім беру.
Халықтық ІРО кім қатыса алады?

Халықтық ІРО аясында мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алу құқығына қазақстанның азаматтары және жинақтаушы зейнетақы қорлары ие болады. Зейнетақы қорларының салымшылары 8 миллионнан астам қазақстандықтар болып табылады. Сонымен қатар зейнетақы қорлары арқылы олар Халықтық ІРО бағдарламасын іске асырудан пайдаға ие болады.

ЖЗҚ қатысуы акциялар құнының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі зейнетақы қорлары – бұл ұзақ мерзімді инвесторлар.  Акциялардың маңызды бөлігін сатып ала отырып, зейнетақы қорлары акциялардың қысқа мерзімді алып-сатарлығын шектейді.

Халықтық IPO қандай компаниялар қатысады?

Бұл «Самұрық-Қазына» қорының 400 еншілес компанияларының арасынан іріктеліп алынған 10 ірі, тұрақты және перспективті компаниялардың акциялары:

  • КазТрансОйл – 2012 ж.
  • KEGOC, Air Astana, КазМорТрансФлот, Самрук-Энерго – 2013-2014 жж.
  • Қазақстан Темір Жолы, ҚазТемірТранс – 2014-2015 жж.
  • ҚазМұнайГаз, ҚазАтомӨнеркәсібі – 2015-2016 жж.
Акционерлерге дивидендтер төленеді ме және жиі төленеді ме?

Әрбір ІРО кезінде эмиссия тәртібі және құрылымы жеке анықталады. Листингтен кейін әрбір компания дивидендтер бойынша өзінің жеке саясатын басшылыққа алады. Әдетте дивидендтер компания акционерлерінің жалпы жиналысымен дивидендтерді төлеу және олардың мөлшері туралы мәселені қарастыру қорытындысы бойынша жыл сайын төленеді.

Соның ішінде, КазТрансОйл компаниясымен 2012 жылдың ортасында қабылданған  дивиденд саясатында компанияның таза пайдасының  40% кем емес мөлшерде төлеу қарастырылған.

Халыққа акциялар қандай бағада сатылады?

Бірінші орналастыру аясында акциялар халыққа барлығына белгіленген бірыңғай бағада сатылады. Соның ішінде КазТрансОйл акциялары бір акция үшін белгіленген 725 теңгеде сатылады.

Инвестор әртүрлі брокерлік компанияларда шоттар ашумен қатар, бірнеше өтінім бере алады ма?

Инвестор бірнеше брокерлік шоттарды ашуға (әрбір брокерде бір-бірден) және бір эмитенттің акцияларын сатып алуға бірнеше өтінім беруге құқылы. Осыған орай өтінімдер кітабы жабылғаннан кейін бір инвестордың барлық өтінімдері өтінімдерді қанағаттандырудың белгіленген тәртібін қолдану мақсатында биржамен біріктіріледі. 

Инвестор акциялардың сатып алу сомасын қай кезде төлеуі тиіс?

Инвестор акцияларды сатып алу өтінімімен бірге және өтінімді қабылдау кезеңінде брокерлік шотқа ақшаның түсуін қамтамасыз етеді. Инвесторлардың ақшамен қамтамасыз етілмеген барлық өтінімдері брокермен және биржамен бас тартылады және қанағаттандырылмайды.

Инвестор Халықтық IPO аясында акцияларды сатып алу туралы өтінімін керіп қайтарып алуға құқылы ма?

Инвестор өтінімдер кітабын қалыптастыру кезеңінде Халықтық ІРО аясында акцияларды сатып алу өтінімін кері қайтарып ала алады/Өтінімді кері қайтару үшін инвестор өзінің брокеріне өтінімін қайтару туралы жазбаша бұйрықты ұсынады.

Қазақстанның әртүрлі аймағындағы инвесторлар Халықтық ІРО қалай қатыса алады?

Қазақстанның әртүрлі аймағындағы инвесторлар Қазақстанның барлық облыс орталығындағы Қазақстанның халық Банкінің Дербес сервис орталықтары арқылы немесе «Қазпочта» АҚ немесе Қазпочтамен өзара әрекет ететін басқа брокерлерде бүкіл Қазақстан бойынша Қазпочта бөлімшелері арқылы «Halyk Finance» АҚ Халықтық ІРО қатысу үшін брокерлік шот аша алады.

Ең төменгі инвестициялауға болатын сома қандай?

Акцияларға инвестицияланатын ең төменгі соманы анықтау үшін инвесторлар брокердің тарифтеріне және ілеспе шығындарға аса назар аударуы тиіс. Тарифтер жоғары болған сайын, инвестиция сомасы да соншалықты жоғары болады, бұл акцияларды сатып алу туралы мәміленің шығындарын өтеу үшін маңызды. Halyk Finance тарифтерін ескеріп, біз ұсынатын инвестициялау сомасы 150 000 теңгеден кем болмау керек.   

 

Акционер компания саясатына қаншалықты әсер ете алады?

Акция – бұл бағалы қағаз, ол компаниямен (акционерлік қоғаммен) белгіленген капиталдағы үлеске аталмыш бағалы қағаздарды иемденетін тұлғаның (акционердің) құқығын бекітеді. Бұл ретте, бір акцияны сатып алу арқылы компания саясатына толық құнды қатысуға болатындығын атап өткіміз келеді.  Мысалы, акционерлердің жыл сайынғы жиналыстарында бір акция бір дауыс құқығын береді, ал қор нарығындағы еркін айналыста жүрген акциялардың санына байланысты әрбір жеке акцияның салмағы өседі. Айналыста акция аз болған сайын, соншалықты олардың бағасы жоғары болады және сәйкесінше, компаниядағы үлестің салмағы да жоғары болады. Акцияларды сатып алушылар акционерлер реестріне немесе компания капиталына қатысатын барлық тұлғалардың тізіміне  автоматты түрде енгізіледі, сәйкесінше, стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде олар дауыс беруге құқылы болады.

Сатып алынатын акциялардың саны бойынша жеке тұлғаларға шектеу белгіленген бе?

Инвесторлармен сатып алынатын акциялардың санына шектеу жоқ. Акцияларды орналастыру кезінде өтінімдер келесі кезектілікте қанағаттандырылады: 1) 67 млн. теңгеден 157 млн.теңгеге дейін маркет-мейкер өтінімі,  2) 7 млн. теңге шегінде жеке тұлғалар, 3) толық көлемде жинақтаушы зейнетақы қорының өтінімдері немесе егер олардың сұранысары жеке тұлғалармен талап етілмеген көлемнен артық болса, онда олардың өтінімдеріне пропорционал түрде қаралады; 4) зейнетақы қорының өтінімдерін қанағаттандырғаннан кейін қалдық 7 млн. теңгеден артық мөлшерде қаралса, инвесторлар өтінімдерінің бір бөлігі.

Шетелдік инвесторлар Халықтық ІРО қолжеткізе алады ма?

Халықтық ІРО негізгі мақсаты Қазақстан халқына еліміздің жетекші компанияларының акцияларын сатып алуға басым құқық беру болып табылады. Одан әрі, қор нарығында акциялардың еркін айналымы барысында олар әртүрлі, соның ішінде шетелдік инвесторлармен сатып алынады. Компания листингі Қазақстан қор биржасында (KASE) жүргізіледі, бұл бірінші кезекте қазақстандықтарға еліміздің жетекші кәсіпорындарына инвестициялауға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғалар үшін өтінімдерді жинау процесі қашан басталады?

«КазТрансОйл»  АҚ акцияларын сатып алуға өтінімдерді жинау процесі (өтінімдер кітабын қалыптастыру) 2012 жылғы 06 қарашада басталып, 2012 жылғы 05 желтоқсанда аяқталады. Өтінімдерді қанағаттандыру 2012 жылғы 10 желтоқсаннан 14 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Эмитент-компаниялардың қызметкерлері Бағдарлама аясында акцияларды сатып алуға құқылы ма?

Халықтық IPO барлық қазақстандықтар үшін бірдей қолжетімді. Әлемдік тәжірибеде компания қызметкерлерінің инвесторлар ретінде қатысуы компанияның және осы компания менеджментінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша оң нәтижеге ие.

Халықтық IPO қатысуды жоспарлайтын инвесторларға арналған ұсыныстар
  • Болашақта 1-2 жыл ішінде қажет болмайтын бос ақшаны ғана салу
  • Қарыз ақшаларды инвестицияламау
  • Акция бағаларының кенет ауытқуын жою арқылы нарықтың өсуін күту үшін ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлау
Акцияларға инвестициялау неге тартымды болып табылады?

Акцияларға инвестициялауинвесторға келесілерді алуға мүмкіндік береді

  • акция құны өскен жағдайдағы кірістер,
  • дивидендтер (компания пайдасындағы үлестер).

Бұл инвестициялаудың және инвестицияларды диверсификациялаудың қосымша тәсілі және бағалы қағаздар нарығы туралы біліміңді арттыруға және инвестициялау тәжірибесіне ие болуға мүмкіндік береді.

Инвесторлардың тәуекелдері қандай және инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бар ма?
  • Акцияның бағасы өсумен қатар, төмендеуі мүмкін – бағаға компанияның қаржылық нәтижелері және инвесторлардың күтілімі, саланың күйі және экономикалық циклдер әсер етуі мүмкін,
  • Өткен кірістер болашақта болатын кірістерге кепілдік бермейді,
  • Акцияларға инвестициялау бойынша кірістерге кепілдік берілмейді