«Halyk Finance» АҚ Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына Халықтық ІРО бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады!

Халықтық ІРО қатысуға ниет білдірген инвесторлар үшін брокерлік шоттар ашу және бағалы қағаздарды сатып алу бойынша қолайлы жағдай жасадық:

  • Арнайы тарифтер бойынша Халықтық ІРО аясында орналастырылған акцияларды сатып алатын инвесторларға қызмет көрсету,
  • Тегін ақпараттық-аналитикалық қолдау (клиенттің электронды поштасына күнделікті жіберіледі), 
  • 8 800 080 11 80 нөмірі бойынша инвесторларға тегін ақпараттық қолдау көрсету қызметтері,
  • Брокерлік қызметтерге қолжеткізуді арттыру мақсатында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында Халық Банкімен трансфер-агенттік қызметтер ұсыну.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін қазақ және орыс тілдерінде Халықтық ІРО бойынша инвестордың жадынамасын әзірледік, онда Халықтық ІРО қатысу үшін барлық қажетті ақпараттар қамтылған: брокерлік шотты қалай ашуға болады, оны ақшалай қаражаттармен қалай толтыруға болады және акцияларды сатып алуға өтінімдер беру, акцияларды сатып алған жағдайда қандай комиссиялар туындайды және т.б. 

Брокерлік шотты ашу үшін инвесторға келесі құжаттарды ұсыну қажет:

   1. жеке куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін түпнұсқасы);

   2. Банктік деректемелер.

және келесіні толтыру қажет:

    3. Брокерлік қызмет көрсету шартына қосылу туралы сауалнама – өтінішті (нысан Брокермен ұсынылады);

    4. Дербес шот ашуға бұйрықты (нысан Брокермен ұсынылады);

    5. Қолтаңба үлгілерімен карточканы (нотариалды куәландырылған немесе Менеджердің/Брокердің қатысуымен қол қойылған; нысан Брокермен ұсынылады).

 Акцияларды орналастыру мерзімі, эмитент-компаниялар және Халықтық ІРО қатысу шарттары туралы өзекті ақпараттармен біздің сайттан, www.halyk-ipo.kz Халықтық ІРО сайтынан және http://www.kase.kz/ru/page/ipo Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтынан таныса аласыздар.

Брокерлік шоттарды ашу және акцияларды сатып алуға өтінімдер беру мәселелері бойынша, сонымен қатар кеңестер алу үшін «Halyk Finance» АҚ телефондары: +7 (727) 244 65 40 және мекенжай бойынша:  Алматы қаласы, «Нұрлы-Тау» БО, блок 3Б, 6-қабат, e-mail halykfinance@halykbank.kz хабарласыңыздар.