• Облигациялар шығарылымы

    Облигациялар шығарылымы

    Ұлттық әл-ауқат қоры

    KZT 75 000 000 000

    Бірлескен Кеңесші мен Андеррайтер

    Облигациялар шығарылымы

  • Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Коммерциялық банктер

    USD 500 000 000

    Бірлескен Жетекші Менеджер мен Ұйымдастырушы

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

  • Дисконттық облигациялардың дебюттік шығарылымы

    Дисконттық облигациялардың дебюттік шығарылымы

    Мұнай-газ саласы

    KZT 100 000 000 000

    Мұнай-газ саласы

    Дисконттық облигациялардың дебюттік шығарылымы

  • Еврооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Еврооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Мұнай-газ саласы

    USD 125 000 000

    Бірлескен Қазақстандық Жетекші Менеджер

    Еврооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

  • Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Энергетика

    USD 500 000 000

    Қазақстандық Жетекші Менеджер

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

  • Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

    Қаржылық сектор

    USD 777 000 000

    Бірлескен Жетекші Менеджер

    Еурооблигациялардың дебюттік тікелей шығарылымы

Консалтинг және андеррайтинг

"HalykFinance" АҚ  біздің Клиенттеріміздің акцияларының және облигацияларының шығарылымы, орналастырылуы және айналым өтімділігін тұрақты қолдау бойынша қызметтердің барлық кешенін жүзеге асырады:

Орналастырғанға дейін

  • құнды қағаздарды шығару шарттарын жасау (құнды қағаздың түрі, мөлшері, мерзімі)
  • эмиссия проспектісін және инвестициялық меморандумды дайындау
  • құнды қағаздар шығарылымын уәкілетті органда тіркеу
  • Қазақстандық Қор Биржасындағы листингке енгізу бойынша ықпалдастық көрсету
  • барлық әлеуетті инвесторлардың алдағы эмиссиясының белсенді маркетингі
  • Клиенттің құнды қағаздарын орналастыру

және орналастырғаннан кейін

  • құнды қағаздардың өтімділігін жақсарту үшін маркет-мейкер қызметін көрсету
  • инвесторлармен табысты  қарым-қатынасты қолдау мен имиджді жақсарту үшін біздің Клиенттер бойынша жүйелі талдамалық есептер жазу.

 Біздің Клиенттеріміздің қосымша артықшылықтары 

  • "Halyk Finance" АҚ «қатты міндеттемелермен» андеррайтер қызметін ұсына алады, яғни, біз Клиенттің
  • «Халық Банкі» АҚ Клиенттің құнды қағаздарын орналастырудан түскен түсімдері есебінен, несиені кейіннен төлеу арқылы ағымдағы жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін, Клиенттің құнды қағаздарының шығарылымы және орналастырылуы кезеңінде біздің Клиентке несиелік желі ұсына алады

және бұдан басқа

  • біздің команда барлық реттеуші органдарымен, оның ішінде ҚР Қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды қадағалау жөніндегі агенттігімен («ҚҚА»), «Қазақстандық Қор Биржасы» АҚ және «Орталық Депозитарий» АҚ жақсы қарым-қатынасты сақтап отыр.

Біздің жұмысымыздың дәлелді мысалдары

Біздің соңғы көпшілік транзакцияларымыз келесілерді қамтиды:

  • 2010 ж. желтоқсандағы және 2011 ж. қаңтардағы $777 млн. сомасындағы және 5 жылдық мерзімдегі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Еурооблигацияларының Бірлескен Жетекші Менеджері (ҚР Үкіметінің Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландыру жөніндегі инвестициялық институты). «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Еурооблигацияларының нағыз  дебюттік эталондық («benchmark») шығарылымы, нашарлаған нарықтық жағдайларға қарамастан табысты орналастырылды және белгіленген купондық мөлшерлеме қазақстандық эмитенттер үшін рекордты төмен USD жылына 5,5% құрады. Осы Еурооблигациялар KASE және Лондон Қор Биржасында ластингтелген.
  • 2011 ж. қаңтарда $500 млн. сомасындағы және 10 жылдық мерзімдегі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Қазақстанның жетекші коммерциялық банкі) Еурооблигацияларының дебюттік тікелей шығарылымының бірлескен жетекші менеджері және букраннері. Халық Банкі 2008 жылдың сәуірінен басталған ұзақ үзілістен соң, өзінің Еурооблигацияларын капиталдың халықаралық нарықтарына жария орналастыруды табысты жүзеге асырған, елдегі бірінші коммерциялық банк болды. Осы Еурооблигацияларға деген сұраныс, ұсыныстан 4,4 есе асып түсті және купондық мөлшерлеме жылдық 7,25% құрады. Осы Еурооблигациялар  KASE және Лондон Қор Биржасында ластингтенді.
  • 2010 ж. желтоқсандағы кесімді бағасы 100 млрд. теңге және 7 жылдық мерзімдегі «ҚазмұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (көмір сутегілерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор) дисконттық облигацияларының 4 шығарылымының бірлескен қаржылық кеңесшісі және андеррайтері. Осы табысты орналастыру Қазақстан Республикасы құнды қағаздар нарығының тарихындағы дисконттық корпоративтік облигациялардың бірінші шығарылымына айналды.
  • 2010 жылғы қарашада $1,25 млрд. сомадағы және 10,5 жылдық «ҚазмұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (көмір сутегілерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор) дебюттік Еурооблигацияларының Қазақстандық Жетекші Менеджері. Осы Еурооблигацияларға деген сұраныс 3,7 есе ұсыныстан асып түсті және купондық мөлшерлеме жылдық 6,375% құрады. Осы Еурооблигациялар  KASE және Лондон Қор Биржасында ластингтенді және ҚазмұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ Еурооблигацияларының дебюттік тікелей шығарылымы болып табылады.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2011 жылы сәуірде 75 млрд. теңге ($517 млн.) сомасындағы және 7 жылдық мерзімдегі «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2 облигациялық бағдарламасының 1 шығарылымының бірлескен қаржылық кеңесшісі және андеррайтері. Осы шығарылым жергілікті нарықта толығымен орналастырылды және купондық мөлшерлеме жылдық 5,89% құрады. 2 облигациялық бағдарламаның жалпы көлемі 150 млрд. теңнге ($ 1,03 млрд.) құрады. «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономаиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын артыру мен әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдің экономикалық өсуіне теріс ықпал етуі мүмкін факторларының алдын ала ескерту үшін құрылған. Қордың негізгі мақсаты – олардың ұзақ мерзімді құндылығын басымдандыру мен әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың меншігі құқығы негізінде тиесілі акция пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады. 
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2010 жылы сәуірде 75 млрд. теңге ($508 млн.) мөлшеріндегі және 10 жылдық мерзімдегі «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының 2 облигациялық бағдарламасының 2 шығарылымының бірлескен қаржылық кеңесшісі және андеррайтері. 2 облигациялық бағдарламаның жалпы көлемі  150 млрд. теңгені ($1,03 млрд.) құрайды. . «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономаиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын артыру мен әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдің экономикалық өсуіне теріс ықпал етуі мүмкін факторларының алдын ала ескерту үшін құрылған. Қордың негізгі мақсаты – олардың ұзақ мерзімді құндылығын басымдандыру мен әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың меншігі құқығы негізінде тиесілі акция пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.  Қордың сомалық активтері $70 млрд. асады.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2010 ж. шілдедегі 800 млн. теңге ($5,44 млн.) сомасындағы және 3 жылдық мерзімдегі «KazTransCom» АҚ облигациялық шығарылымының жалғыз андеррайтері. «KazTransCom» АҚ өзінің жеке кабельдік магистралдық желісі мен жүздеген жер серіктік станциялары арқылы, Қазақстан аумағына толық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, деректер берудің телекоммуникациялық қызметтерінің кең ауқымды кешенін ұсынатын, елдің ірі тәуелсіз телекоммуникациялық операторларының бірі болып табылады.
  • 2010 ж. мамырдағы $500 млн. сомасындағы және 5 жылдық мерзімдегі «Казатомпром» Ұлттық атомдық компаниясы «АҚ (уранды және оның қоспаларын экспорттау және импорттау жөніндегі ұлттық оператор) дебюттік Еурооблигацияларының Қазақстандық Жетекші Менеджері. Нарықтық жағдайлардың нашарлауына қарамастан, осы Еурооблигацияларға деген сұраныс ұсыныстан 8 есеге асып түсті. Бұл ретте купондық мөлшерлере 6,25% құрады, бұл болса дамушы нарықтар эмитенттерінің Еурооблигация шығарылымы тарихындағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Осы Еурооблигациялар  KASE және Лондон Қор Биржасында ластингтенді, бұл Еурооблигациялар шығарылымының дәстүрлі құрылымынан ерекшеленеді, өйткені, «Казатомпром» Ұлттық атомдық компаниясы, қазақстандық эмитенттер үшін әдеттегі формат болып табылатын, голландық SPV құрусыз, тікелей эмитент ретінде шықты.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2010 жылы ақпанда 10 млрд. теңге ($67 млн.) сомасындағы және 5 жылдық мерзімдегі  «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (акционерлері «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және Қазақмыс Тобы болып табылатын, Қазақстан Республикасындағы қуаттылығы 4 000 МВт ірі көмір электр станциясы) облигациялық шығарылымының бірлескен андеррайтері.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2010 жылы ақпанда 15 млрд. теңге ($100 млн.) мөлшеріндегі және 3 жылдық мерзімдегі «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ  облигациялық бағдарламасының жалғыз қаржылық кеңесшісі және андеррайтері «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ  Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және әлемдік нарықтағы астықты және оның өңделген өнімдерді маңызды экспорттаушы ретіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы үшін жауап береді.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2009 жылы 9 сәуірде 20 млрд. теңге ($136 млн.) мөлшерінде және 5 жылдық мерзіммен Еуразиялық Даму Банкінің дебюттік облигациялық бағдарламасының бірлескен кеңесшісі. Осы орналастыру Қазақстан Республикасындағы халықаралық даму банкінің теңгедегі облигациялар шығарылымы тарихында бірінші болды.
  • Қазақстан Қор Биржасы алаңында 2008 жылы мамырдағы 10 млрд. теңге ($83 млн.) және 3 жылдық мерзімдегі «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС дебюттік облигациялық шығарылымының  жалғыз қаржылық кеңесшісі және андеррайтері. «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС елдегі ірі тәуелсіз астық экспорттаушылардың бірі болып табылады.

Фархад Охонов
Консалтинг және Андеррайтинг Басқармасының басшысы
e-mail: f.okhonov@halykfinance.kz 
тел.: +7 (727) 330 01 52