Брокерлік қызметтер

Уәкілетті органның лицензиялары аясында жүзеге асырылатын құнды қағаздар нарқында брокерлік қызмет көрсету «Halyk Finance» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Брокерлік қызмет көрсету, клиенттің атынан, оның есебінен және оның тапсырмасы бойынша құнды қағаздарды сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруды, сондай-ақ құнды қағаздарды қайта тіркеуге, есепке алуға және сақтауға байланысты, барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асыруды болжайды.

Компания лицензия аясында өзінің клиенттеріне келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • құнды қағаздардың бастапқы және қайталама нарықтарындағы мәмілелер жасау,  қазақстандық және халықаралық қор биржаларындағы айналымдағы кез келген өтімді құнды қағаздарды сатып алу және сату бойынша қызметтер
  • әр түрлі қаржылық құралдармен мәмілелерді жүзеге асыруға байланысты, ақпараттық, талдамалық және кеңес беру қызметтері
  • Қазақстандық Қор Биржасының сауда алаңындағы маркет-майер қызметі. Қазіргі кезде компания күн сайын 17 қаржылық құрал бойынша қатты баға белгілеуді қолдап отыр. Бағасы белгіленетін қаржылық құралдардың тізімдері Қазақстандық эмитенттердің акцияларын, облигацияларын және еурооблигацияларын қамтиды.

«Halyk Finance» АҚ Брокерлік қызмет көрсету шартын жасар алдында, Шарттың мәтінімен танысуыңызды өтінеміз: Жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) «Halyk Finance» АҚ кесімді ұстаушысы ретінде есепшот жүргізу құқығы бар брокерлік қызметті алуына арналған қосылу шарты.

Тарифтер

69_ТТ  Халық Тобы тиістілігінің критериі

Ақшаны ДО депозиттеуге арналған деректемелер

Halyk_Finance АҚ_кастоди  деректемелері

ҚҚН қызметі жүзеге асыру регламенті және тұрпатты нысандары

Өзінің клиенттері үшін қызмет көрсетуді ұдайы жақсарта отырып, Компания ЭСҚ пайдалана отырып,  Halyk TradePrо сауда платформасының  online  арқылы  KASE  құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.

Контакт с менеджером