Директорлар кеңесі

Ертай Салимов

Директорлар кеңесінің төрағасы

2016 жылғы 29 ақпаннан бастап «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.  1995 жылдан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да түрлі лауазымдар атқарды, ал 2015 жылғы 02 ақпаннан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарады. 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап Ертай Салимов «Қазақстан қор биржасы»АҚ Директорлар кеңесініңі мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

 

Арнат Әбжанов

Директорлар кеңесінің мүшесі

2014 жылы 23 шілден бастап «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2014 жылдан  01 маусымнан бастап «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы болып табылады. Арнат Әбжанов 2008 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы маусымға дейін «Halyk Finance» АҚ Басқарма мүшесі қызметін атқарды, инвестициялық банкингтің дамуы үшін жауап береді, қаржылық кеңес беру  және андеррайтинг (борыштық және үлестік құнды қағаздар нарығы), корпоративтік қаржыландыруды (M&A және корпоративтік транзакцияларға кеңес беру, қарыздық қайта құрылымдауды қоса) қоса. 1998-2008 ж. «Lancaster Invest» АҚ Басқарма мүшесі және  «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ Вице-Президенті болды, «Қазинвестбанкi» АҚ Басқарушы Директоры, «AIG Silk Road Capital Management» Инвестициялық Менеджер лауазымында болды, сондай-ақ «ABN AMRO Банк Қазақстан» АҚ Қазынашылығында  «ABN AMRO Asset Management» АҚ  ЗАБК-да түрлі лауазымдарда болды. 

1994 -1998 ж. Чикагалық Опциондар Биржасында («CBOE») «Warburg Dillon Read LLC» компаниясының  («UBS»  инвестициялық-банктік бөлімшесі болып табылатын) «Акциядағы Опциондар» департаментінде жұмыс істеген, Қаржы Департаментінде Ғылыми Ассистент болып, сондай-ақ Пенсильвания Университетінің «The Wharton School» Заңдық Зерттеулер Департаментінде және «A.G. Edwards & Sons, Inc.» компаниясының Брокер-өтілгері» болып істеді. 

Арнат Рахатұлы 1997 ж. Пенсильвания Университетін (Филадельфия қ, АҚШ) Экономикалық ғылымдар магистрі дәрежесімен және 1995 ж. Аллигейни Колледж (Мидвилл қ, АҚШ) Экономика ғылымдарының бакалавры дәрежесімен тәмамдаған (Summa Cum Laude).О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ түлегі (1991 ж.) және күміс медаль иегері. МФТИ («ФизТех») жанындағы Сырттай Физика-Техникалық Мектебінің («ЗФТШ»)  түлегі (1991 ж.).

2015 жылғы наурызда Арнат Рахатович халықаралық инвестициялық банкинг саласындағы ең беделді номинациялардың бірі - "Жыл мәмілелерін ұйымдастырушы" (“Dealmaker of the Year”) жеңімпазы деп аталды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының "Еңбек сіңірген қаржыгер" қоғамдық орденімен марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Жанар Айтқожина

Тәуелсіз директор

2009 жылғы 29 шілдеден бастап «Halyk Finance» АҚ тәуелсіз директоры. Әл Фараби атындағы ҚазМУ «Саяси экономика» мамандығы бойынша дипломы және ҚМЭБУ «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дипломы бар. Бұрын 2002 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Делойт ТСФ» ЖШС-нің серіктесі болған. 2017 жылғы шілдеден бастап «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымында. 

 

Арман Дунаев

Тәуелсіз директор 

2016 жылғы 26  ақпаннан бастап «Halyk Finance» АҚ тәуелсіз директоры. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін "саяси экономика" мамандығы бойынша аяқтады,  1992 жылы -  М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр түрлі уақытта Арман Дунаев «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының қаржы бірінші вице-министрі және министрі лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Кеңесшісі және Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды, Sekerbank Директорлар кеңесінде жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Арман Дунаев  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор лауазымын атқарады, «Altyn Bank» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

 

«Halyk Finance» АҚ Қазақстан Республикасының  «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 79 б. 2-2 т. үшінші бөліміне сәйкесті  қызығушылығы  бар тұлғаларға келесі ақпаратты  мәлімдейді:  

*Ескерту:  «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері мен міндеттері туралы толығырақ ақпарат алу қажет болғанда мүдделі тұлғалар «Halyk Finance» АҚ жазбаша сұратумен өтініш жасайды. 

«Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің басқа заңды тұлғалардағы өкілеттіктері мен міндеттері олардың Жарғыларында, ішкі құжаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында анықталған.