Halyk Finance – бұл Орталық Азияға топтастырылған жетекші инвестициялық банк. Қазақстанда жүріп, біз, тиімділік пен этиканың жоғары стандарттарымен жергілікті нарықтың терең түсінігін байланыстырамыз. Біздің кәсіпқой командамыз клиенттерге брокерлік қызмет көрсету, активтерді басқару, нарықтарды және эмитенттерді зерттеу және талдау, консалтинг және андеррайтинг қызметтерін қоса алғанда, қызметтердің кең түрін ұсынады. Әрбір клиенттің сұранысын ерекше назарға алып, біздің әзірленген мәмілелерді жүзеге асыру бойынша тәжірибеміз мол, ал мұндай тәжірибеге орталықтандырылған нарықта әрекет ететін ешбір команда ие емес. Жақында біз, Қазақстанда орналастырылған бірнеше ірі бағалы қағаздардың мандаттарына ие болдық.

Halyk Finance марапаттарының тізімі Global Finance журналы ұсынған 2011 және 2012 жылдары «Үздік Қазақстанның инвестициялық банкі» сыйлығы, EMEA Finance журналы ұсынған «2010 жылғы Үздік Қазақстанның инвестициялық банкі» және «Егеменді қорлардың облигацияларымен үздік мәміле» сыйлықтары, Қазақстанның қор биржасы ұсынған «2010 жылғы Үздік қаржы кеңесшісі»  және Cbonds-AWARDS 2010ж. («Еурооблигацияларды біріншілік орналастырудың үздік мәмілесі», «Үздік макроэкономикалық аналитика» және «Облигация нарығы бойынша үздік аналитика») үш сыйлығы толықтырады.

«Halyk Finance» АҚ 2004 жылғы 10 қарашада құрылды және 66715-1910- АҚ санымен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистрінде тіркелді. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстанның халықтық жинақ банкі болып табылады, ол бүгінгі күнге дейін компанияның жалғыз акционері болып табылады. Halyk Finance  №4.2.92/28 лицензиясына ие, ол инвестициялық портфельді басқаруға және номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Halyk Finance А, К, Р және Н санаттары бойынша Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылады, ол ААҚО арнайы сауда алаңында айналымға (сатуға) жіберілген бағалы қағаздардың, KASE айналымында жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың, KASE ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, «листингтік емес бағалы қағаздар» секторының айналысындағы мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысуға құқылы.