Halyk Finance Halyk TradePro сауда тұғырына өзінің клиенттерінің қолжетімділігін ұсынады, оның пайдаланушылары келесілерді қашықтан жүзеге асыра алады:

  • портфельге құралдарды сатып алу және өз портфелінен құралдарды сату

  • брокердегі өзінің шотын басқару

  • KASE сауда-саттықтың жүргізілу барысын қадағалау

Тұғыр пайдаланушылардың келесі ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді:

  •       Қаржы құралдарының тізіміне (акциялар мен облигациялар);
  •       Сауда-саттықтың ағымдағы күйінің индикаторларына;
  •       Таңдап алынған құрал бойынша баға белгілерінің«стақанына»;
  •       Әртүрлі кезеңдегі таңдап алынған құрал бойынша кестеге;
  •       Клиенттің активтер портфеліне (қаржы құралдарының қалдықтарына және ақшаларына);
  •       Берілген тапсырыстардың және бұйрықтардың мәртебесіне;
  •       есептерге.

Сауда тұғырының барлық функциялары online режимінде қолжетімді.

Сауда тұғырының пайдаланушылары үшін негізгі артықшылықтар:

  • қолжетімділік  (бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға қосымша шығындарсыз әлемнің кез келген жерінен Интернет желісіне қосылған компьютерге қашықтан қолжеткізу);
  • ыңғайлылық  (ыңғайлы интерфейс, навигацияның қарапайымдылығы, электронды құжат айналымы);
  • қауіпсіздік (деректердің құпиялығын қамтамасыз ететін SSL-хаттаманы қолданумен қорғалған қосылыс, пайдаланушыны сенімді сәйкестендіру, заңнама талаптарына сәйкестігі).

 

Орнату бойынша нұсқаулық

Қазақстандық қор биржасында мәмілелерді жасау кезінде клиенттік тапсырмаларды және басқа теріс салдарды орындаудан бас тартуды болдырмау үшін Инвестордың жадынамасымен танысуды ұсынамыз, онда инвесторлармен орындауға қажетті қазақстандық заңнаманың негізгі талаптары мазмұндалған.

Сауда тұғырында құжаттарға қол қою үшін пайдаланушыға ҚБЕО (Қазақстандық банкаралық есеп-айырысу орталығын) куәландыратын ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) кілтінің иесі болу шарт.

Пайдаланушының жұмыс бекетіне қол жеткізу үшін офиске қажетті кұжатттарды тапсырып Брокерлік кызметттерге қосылу туралы келісімшарт  бекіту қажет

Halyk TradePro Сауда тұғырында жұмысты бастамас бұрын Жергілікті нарықтағы_Halyk_TradePro пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз.

Сауда тұғырының жұмысы үшін Сіздің дербес компьютеріңізгетиісті операциялық жүйенің Silverlight орнату қажет.

Halyk TradePro сауда тұғырында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қарасты ҚБЕО (Қазақстандық банкаралық есеп-айырысу орталығымен) шығарылған ЭЦҚ қол қойылған клиенттердің құжаттары тексеріледі. ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбаны) алу өте оңай. Кілттерді алу және іске қосу нұсқаулығымен таныс болыңыз. ЭЦҚ жұмыс істеу үшін тиісті операциялық жүйенің (Windows, Linux немесе Macintosh) Tumar CSР криптопровайдерінің арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуін көшіріп, орнату қажет.

Halyk TradePro сауда тұғыры браузерден тыс болып табылады, сондықтан пайдаланушы оның компьютерінде қандай веб-қосымшаның (браузердің) орнатылғанына қарамастан жұмыс істей алады.

Шот ашу және сауда тұғырына кіру мәселелері бойынша Сауда департаментінің менеджерлеріне келесі телефондар бойынша хабарласа аласыздар: +7(727) 244 65 45 немесе +7(727) 244 69 80.

Қосымшаларымен Интернет-трейдинг жүйесінде қызмет көрсету шарты

ҚМЕО сертификатын шығару бойынша нұсқаулық

Tumar CSP4.2 БҚ орнату бойынша нұсқаулық

Тұғырда қызмет көрсету шарттары