Сіздің капитал
нарығындағы Әріптесіңіз!
Басты бетКомпания

Компания

Halyk Finance - Орталық Азияға бағытталған жетекші инвестициялық банк.

Қазақстанда орналасып, біз жергілікті нарықты терең түсіністік пен этиканың ең жоғары стандарттарымен біріктіреміз.

Біздің мамандар командасы клиенттерге брокерлік қызметтер, активтерді басқару, нарық және эмитенттерді зерттеу және талдау, консалтинг және андеррайтинг сияқты қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жалғыз акционерінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 93 шешімі негізінде құрылды. Компанияның мемлекеттік тіркеуі 2004 жылы 10 қарашада жүргізілді.

Рейтингтер мен марапаттар

Halyk Finance - жетекші халықаралық рейтинг агенттігінің жоғары несие рейтингін алған Қазақстандағы бірінші және жалғыз инвестициялық банк - «BB» «Fitch Ratings»-тен «Positive» болжамы

Бәрін көру

Halyk Finance ұсынатын қызметтердің жоғары сапасы халықаралық қаржы қауымдастығымен жоғары бағаланған: 2017 жылдың негізінде 8 жыл қатарынан Halyk Finance «EMEA Finance» (www.emeafinance.com) атақты және беделді халықаралық журналының нұсқасына сәйкес «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» құрметті номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Halyk Finance» АҚ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында ұйымдастырған ондаған мәмілелер  «The Banker», «EMEA Finance» және «Cbonds» сияқты басылымдар нұсқаларында «Жылдың үздік мәміле» санатында марапатқа ие болды.

«Global Finance» беделді халықаралық қаржылық басылымы (www.gfmag.com) 2011, 2012, 2014, 2015 және 2019 жылдары «Halyk Finance»-ты Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк («Best Investment Bank in Kazakhstan») деп таныды, бұл Halyk Finance-тың Қазақстанның инвестициялық-банктік кызметтерінің нарығында жетекші жайғасымын растайды.

«Global Business Outlook» беделді халықаралық басылымының жетекші халықаралық инвестициялық банктердің жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша «Halyk Finance» АҚ «2018 жылы Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» және «2018 жылғы облигациялар нарығында Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» деген 2 беделді номинациялар бойынша жеңімпаз болып танылған.

Бұдан басқа, ТМД-дағы жетекші қаржылық ақпарат агенттіктерінің бірі Cbonds (www.cbonds.ru) бірнеше рет 2010, 2011, 2012, 2015, 2016 және 2017 жылдары «Halyk Finance»-ты «Қазақстанның қаржы нарығы бойынша үздік сарапшысы», «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі», «Қазақстанның қаржы нарығы бойынша үздік аналитик» «Қазақстандық облигациялар нарығында үздік DCM командасы», «Қазақстанның үздік андеррайтері», «Қазақстанның инвестициялық нарығында тиімді басқару» сияқты беделді номинациялар бойынша сөзсіз жеңімпаз атаған.

2018 жылы Halyk Finance «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» номинациясында 2 жыл қатарынан және 4-ші рекордты рет жеңіп алған. Бұл марапат Қазақстанда 5 рет ғана берілді.

Біздің 2018 жылы жасалған мәмілелердің арасында AIX «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қор биржасында алғаш рет өткізілген IPO-ны атап өткен жөн.

Сондай-ақ, «Halyk Finance» АҚ қарыз капиталының нарығында бірқатар маңызды мәмілелерді сәтті жүзеге асырды, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ міндеттемелерді басқару бойынша күрделі мәмілені, AIX-та («Қазақстан Темір Жолы» АҚ) корпоративтік еурооблигацияларды орналастыру және жергілікті нарықта теңгелік облигацияларын орналастыру.

 

«Halyk Finance» АҚ ірі акционерлері туралы ақпарат

«Halyk Finance» АҚ жалғыз акционері - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. 90 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан және Қазақстандағы ең сенімді және әртараптандырылған қаржылық құрылымдардың бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкі.

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот