Сіздің капитал
нарығындағы Әріптесіңіз!
Басты бетБрокерлік қызмет

Брокерлік қызмет

Halyk Finance қор нарығында инвестициялау үшін жеке тұлғалар мен институционалдық инвесторларға брокерлік қызметтер ұсынады.

Бағалы қағаздарға салынған инвестициялар банк депозиттерінің мөлшерлемесінен асып түсетін табысқа кеңелуге мүмкіндік береді. Қор нарығында корпорациялардың, квазимемлекеттік компаниялардың, шет мемлекеттердің үкіметтері мен ұлттық банктерінің акциялары мен облигацияларын, және индекстердің, нарықтардың, секторлардың немесе металлдардың қорларын сатып алуға болады.

Бағалы қағаздардың құнының өсуі немесе азаюы нәтижесінде инвестордың табысы пайда болады. Инвестор қор биржасында бағалы қағаздарды тікелей сатып ала алмайды және сата алмайды, бұны бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – брокерлер қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін қор биржаларында және халықаралық қор алаңдарында бағалы қағаздарды сатып алу және сату. Halyk Finance клиенттің атынан және оның мүддесінде акциялармен, облигациялармен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, пайлармен, ЕТФ-пен сауда жасайды.
Маркет-мейкер
Бағалы қағаздар нарығында маркет-мейкердің компанияның өз шотынан функцияларды іске асыру. Halyk Finance - Қазақстан қор биржасында жетекші маркет-мейкер бола отырып, 25-тен астам құралдар бойынша(акциялар мен облигациялар) өтімділікті қолдайды.
Кеңес беру
Инвестициялық операциялар бойынша ақпараттық және аналитикалық кеңестер. 15 жыл бойы біздің компания экономикаға және корпоративтік секторға жоғары сапалы талдау жүргізді және Орталық Азия мен Ресей нарығындағы жетекші талдамалық ақпарат көздерінің бірі болып табылады.
Halyk TradePro

Қазақстан қор биржасында және халықаралық нарықтардағы өзгерістерге жылдам жауап беру үшін клиенттер Halyk TradePro сауда платформасын орнатып, ЭСҚ және/немесе SMS арқылы тапсырыстарды растау арқылы сауда операцияларын онлайн жүргізе алады.

Шот ашу Платформаны жүктеу

Halyk Finance клиенттері келесі артықшылықтарға ие:
  • Halyk TradePro сауда платформасына тегін кіру
  • Онлайн-сауда жүйесі арқылы өтінімдерді беру
  • Қазақстандық және шетелдік эмитенттер бойынша сапалы талдау

  • Әртүрлі халықаралық нарықтарда сауда жасауға мүмкіндік беретін контрагенттердің кең жүйесі

  • Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, ұлттық компанияларға, сондай-ақ «Halyk Group» клиенттеріне арналған ерекше шарттар

  • SMS растамасы арқылы өтініштерді беру

Біздің компаниямыздың клиенті болу үшін, сіздің мақсаттарыңыз бен қажеттіліктеріңізді егжей-тегжейлі талқылау үшін менеджерге хабарласу жеткілікті. Қазақстан Халық Банкінің трансфер-агенттіктерінің кең желісі арқасында, бүкіл ел бойынша Halyk Finance-та брокерлік шот ашуға болады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА

Шот ашу және сауда платформасына кіру үшін Сату жөніндегі департаментіне хабарласыңыз:

+7 727 357 31 77, іш. 3315, 3317, 3319  +7 7172 64 34 33
+7 707 357 31 70

sales@halykfinance.kz 

 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА

Шот ашу және сауда платформасына кіру үшін Сату жөніндегі департаментіне хабарласыңыз:

+7 727 357 31 77, вн. 3318, 3316 +7 7172 64 34 33
+7 707 357 31 70

sales@halykfinance.kz 

Сізде ашық сұрақтар бар ма?
Біздің мамандарымыздаң тегін кеңес алу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
EngҚазРус